Бірде Қожа Бахауддин Нақшбанди хазіретінен шәкірттері керемет көрсетуін сұрайды. Сонда ұстаз тұрып:
– Сендер расымен де менен керемет көріп жүрген жоқсыңдар ма? – деп сұрайды шәкірттерінен.
Шәкірттері түсінбей қалады. Не «иә» деп те, не «жоқ» деп те жауап бере алмайды. Сонда ұстаз Нақшбанди тұрып:
– Үстімде осыншама күнәнің қабын арқалап, жер жұтып кетпей, сау жүруімнің өзі керемет емей немене?! – деген екен.
Пікірлер