Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Тәуекел – кімге тәуекел етеміз,әлбетте жаратушы Алла тағалаға толық иман сеніммен, өйткені ол барлығын көріп білуші,шексіз құдірет иесі Рахман,Рахим, мейірімді бүкіл болмысты қамтитын Алла тағала. Шынайы иманға қол жеткізген мүминдерді үнемі тәуекелге шақырады. «Мүминдер тек қана Аллаға тәуекел етсін» «Иброһим сүресі, 11 аят»
Пайғамбарлар оның ешқашан құнын жоғалтпайтын шындық екенін айтқан.Шынайы ммүмин тек қана Аллаға сеніп,одан басқаны қаламайды және қорғауында болып медет тілейді.
Пайғамбарымыздан(с.ғ.с) бір бәдеуин сұрады дейді «Түйемді байлайынба әлде тәуекел етейінбе?» Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Түйеңді алдыменен тұса, сосын тәуекел ет» деген екен.
Алла тағала құранда «Кім Аллаға тәуекел етсе,Ол оған жеткілікті» «Талақ сүресі,3 аят» Пайғамбарымыз (с.ғ.с)бір хадисінде: «Ең күштіболғысы келетін адам Аллаға тәуекел етсін» деген.Өйткені Алла өз бұйрықтарын тегіс орындаушы.
Тәуекел етушінің мақсаты ---- Алланың еркі мен разылығына бас ию болса, Алла оның сауабын сан есе арттырады.
Тәуекел ету –өз міндетін орындамай қол қусырып қарап отыру деген сөз емес,керісінше құлшылығын толық орындап, нәтижесін жақсылығын Алладан күту. Бір қиссада келеді:Жасы келіп қалған бір әжейдің жалғыз түйесі үйездеп қалады.Ол өлсе күн көрісі қиындайтынын уайымдаған әжей қатты қапаланады.Күндіз- түні қайғырған әжейдің, қолдан келер шарасы болмады.Қолынан бар келгені Аллаға жалбарынып , түйесінің саулығын тілеп, дұға етумен болды.
Бір күні жайылсын деп қырға шығарған түйесінің аузына нәр алмағанын байқап, еңсесі түсіп кетеді,қолдарын жайып,көз жасын төгіп,дұға етуден басқа шарасы қалмайды.Осы кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір топ сахабаларымен әлгі әйелдің қасынан өтіп бара жатып:
-Уа, Алланың құлы,неге жылайсыз?-дейді
-Түйем өлетін болды сол үшін жылаймын.Түйеммен жан бағып отыр едім. Ол өліп қалса жағдайым не болмақ? Түйемнің кеселінен айығу үшін, қанша күннен бері қол жайып дұға етудемін, бірақ дұғам қабыл болмай жатыр,-дейді әжей мұнын шағып.Пайғамбарымыз күлімсіреп:
-Дұғаның қабыл болғанын қаласаң,дұғаға қара май қос, қара-май!-дейді.Әжей ойлана бастады.Қара май қос дегені несі? Артынша түсінгендей болды. Көршілерінен қара май сұрап алғам әйел алдымен түйенің аузын қара май мен сүртіп,содан кейін дұға ете бастады.Қара майдың арқасында түйенің аузындағы бүкіл микробтар өліп,түйе аурудан жазылып кетеді. Яғни, кез-келген мәселеде тек қана қол жайып дұға ету жетпейді,оның шешімін іздеу керек. Осыны түсінген әжей Пайғамбарымыздың кеңесңн тыңдап, түйесін аман алып қалған еді.
Қарағанды облысы
Жайрем кенті, бас имам Ақмағанбет Мурсали
ihsan.kz
Пікірлер