Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мансап қуу пасықтыққа апармасын
04 ақпан, 2021 жыл 358 Басып шығару нұсқасы

Адамға берілетін ең үлкен сынақтардың бірі – мансапқақұмарлық. Кейде тағдырдың жазуымен сізден жиырма жас кіші біреу келіп сізге басшылық етуі мүмкін. Мұндай кезде бағынышты кісі тәкаппарлыққа салынбай, әрқашан басшыға бағынуы керек. Әйтпесе әлгі кісі пасықтыққа баруы мүмкін.

Усама ибн Зәйдті еске алайық. Пайғамбарымыз көз жұмардан аз уақыт қана бұрын Рим империясына қарсы әскер жасақтап, оған қолбасшы етіп он сегіз жасар Зәйдті қояды. Хазірет Әбу Бәкір, Омар секілді сахабалар сол әскерге қарапайым жауынгер болып қатысты. Бірақ әскер қаладан шығып кеткеннен кейін пайғамбарымыздың қайтыс болған хабары жетіп, әскер кейін қайтып, Зәйд туды пайғамбар босағасына әкеп қояды. Осы кезде Сақифа тайпасы Әбу Бәкірді халифа сайлайды. Әбу Бәкір болса пайғамбарымыздың бастаған ісін аяқсыз қалдырмай, әскерді Мәдина сыртына қайта шығарып салады. Сөйтеді де немересімен жасты (пайғамбарымыз тағайындаған) қолбасшы Зәйдке келіп: «Омарды қасыма көмекші етіп алуыма бола ма?» деп рұқсат сұрайды. Мүминнің көрінісі, міне, осындай болса керек.

Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар қис-сасындағы құмырсқа уақиғасы естеріңізде болар? құдайдан безген қауым жас ибраһимды лау-лаған отқа лақтырады. алланың пайғамбарына жәрдем етпек болған жәндік аузына су алып, таудай жалынды сөндірмекке әрекет етеді. құмырсқаның бұл қимылына таң қалған басқа жандар: «сенің қауқарың жетпеиді, қой», – дегендеи сөздер айтады. сонда құмырсқа: «менің міндетім – шама-шарқым жеткенше оны қорғау, қалғанын аллаға тапсырамын», – деген екен.
мұсылман бауырлар, сіз бен біздің міндетіміз де өз шамамызша пасықтарға жауап беру. пай-ғамбарымызды (с.ғ.с.) қорғап сөз айту. жауапсыз қалу – ең әуелі иманымызға сын.

иман кеткен жерде, күнә артады, пенде пасық әрекетке бой алдыра бастайды. Пасықтық дегеніміз – діннің шеңберінен шығып, үлкен күнәларды істеу немесе кішкентай күнәларды шімірікпей тұрақты түрде істеп Аллаһқа бағынбай, белгілі бір түрде қарсы келу. Пайғамбарымыз хадистерінің бірінде: «Халал нәрселер де, харам нәрселер де (күмәнсіз) белгілі. Бірақ осы екеуінің арасында кейбір күмәнді нәрселер бар, адамдар оны білмейді. Кімде-кім осы күмәнді нәрселерден бойын аулақ салса, діні мен арын қорғағаны» дейді (Бұхари, Иман, 39, Мүслим, Мүсақат, 107).

Пасықты үш санатқа бөлуге болады:

1. Күнәні жиіркенішті деп санап, оны сирек жасайтындар.

2. Бір күнәні қайтпай жасай беретіндер.

3. Рұқсат етілген деп санап күнә жасайтындар. Бұл жағдайда адамның иманмен де дінмен еш байланысы қалмайды.

Осындағы пасықтықтың соңғысы күпірлікке апарады да, дінмен болған байланысын үзеді. Мысалы, харам болған нәрсені халал деп санап, ішімдік ішу, зина жасау сияқты.

Бір сөзбен айқанда, Құран Кәрімнің кейбір аяттарында әлгі пасықтық күпірлікпен синоним ретінде қолданылады. Айталық, Бақара сүреснің мына аятына ден қойыңызшы:

- (Ей, Алланың елшісі!) Біз саған сөзсіз, ап-айқын (иләһи мақсатты бүкпей, шәк-шүбәға қалдырмайтындай) аяттарымызды түсірдік, бұларға тек пасықтар ғана қарсы шығады.

              Алла баршамызды пасық болудан сақтасын!

 

 

                                                     Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы
                                                                                        

Түсіпбеков Асылхан
 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары