Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ілім алудың маңыздылығы
09 ақпан, 2021 жыл 740 Басып шығару нұсқасы

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.

           Бізді жоқтан бар еткен Алла соңғы елшісіне, біздің сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ:

اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ (1) خَلَقَ الْإِنْسَانَ مِنْ عَلَقٍ (2) اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ (3) الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ (4) عَلَّمَ الْإِنْسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ (5)

«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді,» -деп, Құранның ең алғашқы аяты «оқы» деп түскен.[1] («Алақ» сүресі,1-5 аяттар)

          Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.  

         Алла Тағала Құран Кәрімде білімнің артықшылығын бізге былай баяндайды:

قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُولُواْ الْأَلْبَابِ (9)

«Білетіндер мен білмейтіндер тең ба? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!»[2]деген. («Зумар» сүресі, 9-аят)

 «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз»[4], деген.

Ал білім алған адамның дәрежесі жоғары болатын жайында пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде:

مَنْ يُرِدِ اللّٰهُ بِهِ خَيْرًا يُفَقِّهْهُ  فِي الدّ۪ينِ

«Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, дінді терең білуді нәсіп етеді»[5] дейді (Бұхари, ильм 10; Муслим, имара 175).

Алла Тағала бір құлына білім нәсіп етсе, сол берілген ілім үшін сұралады. Ол жайында пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде:

    لَا تَزُولُ قَدَمَا عَبْدٍ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يُسْأَلَ عَنْ أَرْبَعِ خِصَالٍ : عَنْ عُمُرِهِ ، فِيمَ أَفْنَاهُ؟ وعَنْ شَبَابِهِ ، فِيمَ أَبْلَاهُ ؟ وَعَنْ مَالِهِ ، مِنْ أَيْنَ ؟ وَفِيمَ أَنْفَقَهُ ؟ وَعَنْ عِلْمِهِ ، مَاذَا عَمِلَ فِيهِ؟ "

«Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша бір адам да орнынан тапжылмайды»[6] деген. (Тирмизи хадистер жинағы)

Алланың (العليم) «Ғалиим» (Бәрін білуші) деген есімі бар, демек ғылым-ілімді Алладан сұрау керек. Алла Құран Кәрімде пайғамбарымызға Мұхаммедке ﷺ:

      فَتَعَالَى اللَّهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ وَلَا تَعْجَلْ بِالْقُرْآَنِ مِنْ قَبْلِ أَنْ يُقْضَى إِلَيْكَ وَحْيُهُ وَقُلْ رَبِّ زِدْنِي عِلْمًا (114)

«Күллі жаратылыс атаулының Хақ Патшасы (шын иесі) Алла қандай ұлы десеңші! (Уа,Мұхаммад!) Саған Құранның уаһи етілуі толық аяқталмай тұрып, оны оқуға асықпа. «О Раббым, білімімді арттыра гөр!»[7] -деп Алла дұға қылуды ескерткен. («Тоһа» сүресі,114аяТ)

         Осы жалған бес күндік дүниеде ғылым-білім ізденіп ақырет қамын ойлап, келешек ұрпаққа пайдамыз тиетіндей ілім қалдырумызды  Алла Тағала нәсіп етсін! Әумин!

Түсіпбеков Ерлан Сәрсенұлы

Әл-Мәшәни мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары