
Пайғамбарымыз ﷺ сахабасы Әбу Зәррға (р.а.) мына 7 өсиетті айтады. Сахаба да бұл өсиеттерді өмірінің соңына дейін ұстанып өтеді. Бұл өсиеттер тек қана Әбу Зәрр үшін ғана емес, барлық үмметке айтылған өсиет еді. Біз де ұстанып өтейік ендеше.
- Кедей, пақырларды сүйіп, оларға жақын бол!
- Мал-мүлік, дүние жағынан өзіңнен төмендегілерге қара, өзіңнен жоғарыдағыларға қарама!
- Туған-туыс сенімен қарым-қатынасын үзіп, саған жапа шектірсе де, сен олардан байланысыңды үзбе!
- «Лә хәулә уә лә қууәтә иллә билләһ» дұғасын көп оқы!
- Ащы да болса шындықты айт!
- Алла жолында көрінгеннің айыптауынан қорықпай, хақты жақтауда күш-жігеріңді сарп ет!
- Мұқтаждық тумайынша ешкімнен ештеңе сұрама да қалама!
Тәбәрани, әл-Мужмә’ул-Кәбир
Пікірлер