Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қиянатқа ұшрыған адамға көмектесудің сауабы
08 сәуір, 2016 жыл 529 Басып шығару нұсқасы

_y1SyooKRhkЕрте заманда бір залым кісі дүниені тәрк еткен бір адамның қолын алып амандасып қайтайын деп жолға шығады. Әлгі адамның үйіне залым кісі келгенде, ғалым адам екі бетін жауып алып, ұсынған екі қолын алмай қояды, әкесінің бұл қылығына ұялған баласы:

 


  • Әкем қатты ауырып жүр еді, – деп сылтау айтады. Сол кезде әкесі тұрып:


  •  


– Менде ешқандай ауру жоқ. Тек қана мен залымдардың жүзіне қарамаушы едім дегенде, әлгі залым адам тәубесіне келген екен.

Маймун ибн Маһронның айтқаны бар: «Залым Патшамен араласуда екі қатер бар:

 

 


  1. Бойұсынсаң дініңнен айырыласың.

  2. Келіспесең өміріңнен айырыласың. Саған ең жақсысы – сен оны ол сені танымағаны».


  3.  


Омар  ибн Хаттабтан (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың хадисінде сахабалар: «Я, Расулалла! Алла алдындағы адамдардың жақсысы кімдер және Алла алдындағы жақсы амал қандай? – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты: «Алла алдындағы адамдардың жақсысы – адамдарға көп пайда бергені, амалдардың жақсысы – мұсылман адамның жүрегіне қуаныш ұялату, демек, оны тамақтандыру, басына төнген қиындықты бөлісу, қарызын өтеуге көмектесу, басқа бір мұсылманның қажетін өтеу мақсатында жүрсе, оның сауабы бір ай оразаны иғтикафымен өтегендей болады. Ал енді кімде-кім қиянат көрген адамға қол ұшын беріп, көмек көрсетіп, бірге жүрсе, қиямет күнінде ол адам қыл-көпірден еш қорқынышсыз өтеді. Кімде-кім ашуына ие болса, Алла Тағала ол адамның айыптарын жасырады. Шындығында жаман мінез  сірке суы балды бұзғандай, иманды бұзады».

Құрметті бауырлар! Осы хадистен түсінгеніміздей бұл дүниеде істеген жақсылық-жамандығымыз алдымыздан шығатындығын меңзейді. Олай болса Алла Тағала біреуге қиянат қылудан сақтасын, жәбір көрген пендені көрсек қолымыздан келген көмекті де аяп қалмайық.

 

 

Арабшадан аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамдары

 

 

Дархан Асылтайұлы

 

 

Бекболат Зүлжаладдинұлы.

 

 


Ihsan.kz
 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары