Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Таһажжүд намазына қалай тұруға болады?
13 қараша, 2020 жыл 782 Басып шығару нұсқасы

g1GM8hEyJjIҚасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Алла сені түнде аяғыңнан тіке (намазда) тұрған сәтіңді көріп тұрады», ­­– дейді (Шу’ара сүресі, 218-аят).

Пайғамбарымыз ﷺ: «Мү’миннің абырой-қадірі ­– түндері намазбен өткенінде», – дейді.

Бірде мухаддис, ғалым, әулие, сопы Ибраһим бин Әдһәмға біреу келіп:

– Түнгі құлшылықтарға тұра алмай жүрмін. Маған түнгі ғибадаттарға тұра алатындай бір амал үйретсеңіз, – деп сұрайды. Сонда Ибраһим бин Әдһәм:

– Күндіз Алла Тағалаға асылық қылып, қарсы келме. Яғни, күндіз көздеріңді, құлақтарыңды, жалпы барлық өне бойыңды Аллаға қарсы келтіретін істерден сақта, сонда Алла да сені түнде құзырына шақырады. Түнде оның құзырынан табылудан асқан абырой жоқ, – деп кеңес береді.

Тақуа жандардың бірі болған Бишр Хафиге:

– Түні бойы аяғыңнан тік тұрып құлшылық қыласың, біраз демалсаң болмай ма? – дейді. Сонда Бишр Хафи:

– Алла Тағала мырзамыз Алла Елшісінің ﷺ барлық өткен-кеткен күнәларын кешірген еді. Бірақ соған қарамастан Ол ﷺ аяқтары іскенше, сәжде жері көз жасынан шылқығанша Аллаға бойұсына құлшылық қылудан бас тартпады. Ал менің жағдайым болса қалай болары белгісіз. Мен үшін Пайғамбарымыздай ﷺ кепілдік жоқ, – деп жауап береді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары