Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ынсап
03 наурыз, 2021 жыл 6525 Басып шығару нұсқасы

Ең әуелі құдіретті күштің Иесі болған, әр секундымызда бізге нығмет тарту еткен Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! Әлемге Рақым нұры болып жіберілген, пайғамбарлықтың соңғы мөрі болған сүйікті Елшімізге шексіз салауаттар мен сәлемдер болғай!

                Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,

                Өлген артық дүниені былғағаннан, - деген екен Шаһкәрім атамыз.

Жалпы,  ынсап дегеніміз не?! Кемеңгер ата-бабамыз ынсапты қанағат пен ұжданның арасына қоюы тегін емес. Қанағат белгілі бір жағдайда ашкөздікке салынбай, барға шүкіршілік ете білу болса, ынсап сол қанағатты тудыратын, Жаратушының бергеніне тәубе етуден пайда болатын адам жанының бір қазынасы. Ынсапты адам - иманды адам. Тілін кәлимаға келтірмеген болса да, әлдеқандай бір күштен қорқып, құлқынының қамын ойлап кетпей, сабыр етіп, қанағат ететін болса, жүрегінде иманның бастауы, көңілінде ынсап болғаны. Адамға арам мен адалдың арасында таңдау жасайтын сәт келгенде ұжданы белгі береді. Арыңды былғап, ақиқаттан аттама дейді. Сонда байқасаңыз, ұждан деген - адамның Құдайдан ұялуы, яки қорқуы. Егер адам ұжданын тыңдаса, қанағат етеді. Сол екі ортада ынсап жатыр. Жүректегі ұждан мен амалдан көрінетін қанағатты байланыстырып тұрған көпір - сол ынсап. 

Яғни, көріп отырғанымыздай ынсап деген – ашкөздікке қарама-қарсы немесе шүкіршілікке синоним болған ұғым екен. Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 58-аятында: «Жақсы елдің өсімдігі Раббының қалауы бойынша берекелі өніп шығады. Ал, жаман елдің өсімдігі қиындықпен мардымсыз шығады. Шүкіршілік етуші қауым үшін аяттарымызды осылайша тарқатып баян етеміз» - делінген. Бұл аятқа әйгілі де, атақты тәпсір кітаптарында осылай түсініктеме берілген. Аяттағы: «Жақсы елдің (жері құнарлы болса да, құнарсыз болса да оның) өсімдігі Раббының қалауы бойынша берекелі өніп шығады» деген үкім «шүкіршілік етуші елдің» белгілерінің бірі. Ал, енді аяттағы: «Жаман елдің өсімдігі (құнарлы жердің өзінде) қиындықпен мардымсыз шығады» деген үкім шүкіршілік етпейтін елдің белгілері жайлы айтылған.

Алла Тағала баршамызды шүкіршіл үмметтен еткей! Әумин!

 

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары