«Өзін-өзі күн дейді, Жақынын жалған міндейді, ол арсыздық белгісі» Хакім Абай.
Арсыздықтың белгі беріп жол алуын тоқтату, адам табиғатында ұяттың қуатына тікелей қатысты. Шариғатта адам бойындағы жауһардың үштігіне кіретін ұят. Нәпсіні тәрбиелеуге иман өлшеміне жатады.
«Ұятсынбай ойланбай, қой дегенде тіл алмай.
Іс қылмайма ол кісі»
Хакім Абай.
Пенденің кісілік сатысына өтуі ұяттың жұмысы. Иман өлшемі ұят қуаты нәпсіге күзет қойғызып, ниет түзету соның қолында.
«Нәпсі үйінде байлаулы ынсап жатыр
Оның емі тегінде сол босанған.
Сопысынып ақысынып әуре болмай,
Ер болсаң босатып ал сол зынданнан.»
Хакім Абай.
Бар жақсылықтың көзі, бұлағы ұят. Жақсылықтың жетекшісі ақыл. Ұят жақсылық басталатын қуатты нүкте. Ынсап ұяттың нәпсіге күзетте, қолданыс қуатының өңі. Өлімнен де ұяттың күшті болуы, рухтың ұятқа ұстасы болуында.
Десекте Ұят құдайшылықтың құлы
Мінезділіктің пірі
Халдің нұры
Аллаға құлшылықтын сыры.
Ақылдың арт жағында ұят тұрады.
Сананың тірегі бопта
Көңілдің күреңі бопта
Ойдың сілемі бопта
Сөзде жүйелі бопта.
Сонымен қоса Үәде де тұру ұят өтімі
Ой мен сөз, істе шектен шықпау ұят тетігі
Тәубада ұят өсімі
Шүкірлік ұят есімі
Сабыр ұят кесімі
Қанағат ұят шешімі.
Дегенмен
Ар- ұяттың мені,
Ынсап ұяттың өңі,
Намыс ұяттың бізі
Ұят әдептің сізі.
Адам халін сабырға шақырып, алдына талап қоятын, халге тәубе жасатып, күнәні қаңтарып жоятын ұят.
Ұят ақылдың артында тұрып
Ойдың оңынаң,
Сананың соңынаң,
Сезімнің солынан,
Көңілдің көгінен
Талаптын төрінен
Сабырдын жолынан келеді.
Ақылдың саулесі ұят.
Ойдың оңынан кеп бағалап тұрады
Сананың соңынан кеп саралап тұрады
Сезімнің солынан кеп шамалап тұрады
Талаптын төрінен кеп төрелік айтып
Сабырдын жолына кеп гүл шашаып тұрады.
Ұят адам болмысының түгел қамтиды.
Ұят адам ділінің гүлі
Мінезінің пірі,
Халінің нұры
Сәлем ұяттың мөрі.
Тілдің тиегі еріннің жиегі сөзге ұста болу да ұяттан.
Ұят ақиқаттын қалібі
Шындық ақиқаттын шарығы
Әділдік ақиқаттың танымы.
Халдегі қайраттың ажар, өң шырайы ұят. Ұят ұстамдылықтын ұстасы
Сабырдың досы әрі тұстасы.
Ақылда сана болса,
Жүректің айнасы ұят.
Ойдағы көз сана болса
Мінездің мысын басатын ұят.
Нәпсіні күзетіп, ниетті түзейтін
Қайраттың құбыласы ұят.
Талапты көңілге салатын, тілге тиек, сөзге ұста қылатын ұят. Ынсап ұяттың өңі. Әдеп ұяттың көрінісі. Өнер алды қызыл тіл, өнер жақсысы әдеп. Пейілді, кішпейіл, кеңпейіл жасайтын ұят. Ұяттың қалібінен шыққан пенденің халі нұрланып, мінез-құлқы ұятты пір тұту. Еркекті ер, әйелді мініезді қылады. Хакім Абай «Ақыл, қайрат журекті бірдей ұстауда, ұстамдылықтың ұстасы ұят екенін ынсап ұят , ар-намыс, сабыр, талап», деп дәлелді нақтылайды. Байлық тәкәппарлықтың киімі. Олай деуде адамдар кісіліктің атынан түсіп, қанағатты сырып пенделікке кіруі, дүние байлықты жүрекке байлап тәкәппарлыққа, ашкөздікке, іштарлыққа өзін кіріптар жасауы.
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Хакім Абай
Терең ой ділдің және жүрек тазалығы. Демек байлық жүректе емес қолда болуы, пенденің кісілікке оралуы жамандыққа итермелейтін нәпсінің сыншы нәпсіге ауысуы. Ол деген рухқа бағынған көмекші нәпсі. Хакім Абайдың «Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі» деу жүректің айнасы ұят. Сол ұят адам болмыс бітімін, табиғатын қамтиді. Ұяттың шеңберінен шықпау, оның ұстанымын ұстау Алла Тағаланы тану, өзін - өзі тану, дүниені тану құлшылық. Кісінің кісілегінде ынсаптың сенімі, ұяттың тәлімі, әдептің әдібі, сабырдың жетегі, ар-намыстың мекені бар.
«Пайда ойлама, ар ойла» деген Хакім Абай сөзі ар ойлау, ар ілімі. Ар - ұяттың рухқа бағынған жүректе айна болған Мені. Ұят ар-намыс әдептен тұрады. Пайданы ойлайтын нәпсі, арды ойлайтын ұят, талапты көңілге сап зердеңді ашып, зейінді қылатын ұят. Иман өлшемінен шықпайтын ықыласы Аллаға деген жақсы ниеттегі пейілдің көңілге орнығуы ұят ісі. Иманның жетпістен астам өлшемдерінің бірегейі Әділеттік, Арлылық, Махаббат, олардың қуатына ықпал жасап, иманға ұйытып Рухқа байлаушы Ұят.
Имам Мейрам қажы
ihsan.kz
Пікірлер