«Бір нәрсені ұнатса, қайта ойланып қарамас» деген Хакім Абай ұятқа қалмауды ескертеді.
Пенде бір нәрсені ұнатса қайта ойланып қарамай көзбен ұнатып бірден бас салу жалған құмарлық. Пендені өкінішке қалдырып сан соқтырады. Сырттан танып іс бітпейді, ұстамдылық жасап сырын білу. Әйел көркімен жақсы болмайды. Оның сырына қанығып сыр тартып мінезіне көз жеткен соң ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалмау баяны.
Ұстамдылық бір нәрсе ұнаса, қайта ойланып алу. Опық жемеу, алданып қалмау, ой тезіне сап жеті рет өлшеп, бір рет кесу. Сананын саралаған алқасы сынынан өткізіп оң нәтижесін көре білу. Өз орнынды тауып, дүниеге бір кірпіш боп қалануын, халыққа пайдаңың тигені. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деуде ер жігіт тандап тауып еппен жүріп басының, малының екеу болғаны ұяттын ұстамдылығын ұстанудын нәтижесі. Бұл деген ер ақылды, әйелі мінезді келген татулық.
Татулықтан артық жолдас жоқ, жағымды мінезден артық дос болмайды.
Бақыт, еңбек пен ақыл ұстамдылығынан тұрған татулық пен жағымды мінез кісі халінен көрінген нұрлы белгі. Қайыры болсын.
Имам Мейрам қажы
ihsan.kz
Пікірлер