Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жүрек қалай нұрға бөленеді?
16 сәуір, 2021 жыл 604 Басып шығару нұсқасы

Жүрек – иманның көрінісі, иманды адамның жүрегі нұрланып тұрады. Адамның игі қасиеті жүректен шығады, жақсылыққа қуанады, жамандықтан жиренеді. Ақиқат тапқан жүрек алдамайды, алаламайды, адалдықтан айнымайды. Хадисте: «Алла адамның түр-әлпеті мен мал-мүлкіне қарамайды, оның жүрегіне қарайды» дейді екен. Алла жүректі иман, мағрифат және махаббат үшін жаратқан. Ұлы Абай «Алла деген сөз жеңіл» атты өлеңінде:

Дененің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты

Махаббат қылса тәңірі үшін, – деп жүрек пен ақылды махаббатпен бағындыра білуді меңзейді.

Дене мүшелеріміздің іс-әрекеті жан-дүниемізбен тікелей байланысты. Болмысымызда жақсы әдеттер орын алса, қылықтарымыз жақсарады, бұлар көркем ахлақ деп аталады. Ал егер болмысымызда жа-ман әдеттер орнықса, қылықтарымыз да жаман болады. Оны жаман әдет немесе жаман ахлақ деп атайды. Іс-әрекеттеріміздің жақсы, парасатты болуы үшін жан-дүниемізді жаман мінез-құлықтардан тазарта отырып, өзімізді жақсы мінез-құлықтарға бауруымыз керек. Жүрегі таза парасатты адам қызметін дұрыс атқарады, ешкімді алдамайды, алаяқтық жасамайды. Мойнына алған міндетін адал атқарып, өзіне әрі айналасындағыларға пайдасын тигізеді.

Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас,

Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.

Жүректен қызу-қызба кете қалса,

Өзге тәннен еш қызық іс табылмас, – деп басталатын өлеңін әрі қарай оқысақ ұлы ақын достық пен қастықтың, ар мен ұяттың барометрі жүректен туындайтын қасиеттер екенін ұғындырады.

 Алла Тағала өзінің кітабында былай деген:

}فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ{

«Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын» (Әл-Бақара, 152-аят). Жүректің нұрға бөленуі Алланы еске алумен болмады. Бір ғалым айтты: «Алланы көп еске алу – бұл қашан да тіліңнің Алла Тағаланы еске алудан босамауы», және мұның дәлелі, имам Тирмизи мен имам Ахмад керемет иснадпен жеткізген Абдулла ибн Бусраның хадисы: «Мен айттым: «Ей Алланың Елшісі (с.ғ.с.) Расында, Исламның белгілегені мен үшін өте көп. Сол үшін маған, әрдайым істей алатын сондай бір нәрсені көрсетші». Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.) маған былай деді: «Олай болса, тілің әрдайым Алланы еске алатын болсын». Адам баласы дүниеде қанша дәулеті болып, қалағанша өмір сүргенмен, тура жолда болмағандықтан, жүрегі орнықпаған, кеудесі тар, іштей жаман күй кешеді. Ол аса ұлы Алланың үгіт, насихаттарын тыңдап, құлақ асудан қашты, міндеттері жайлы ойламады. Сондықтан аса ұлы Алла одан теріс бұрылып, оны тозақ отына тастады (Ибн Касир және А.Саъди тәфсирі). Құранда адам баласының әлсіз жаратылғандығы айтылады. Ауырса шипаға, қиындыққа ұшыраса қорғанға, құтқарушыға, қарызға батса, ақшадан тарықса байлыққа, қателессе тәубеге мұқтаж. Және мұның бәрі де адамға уайым-қайғы сыйлайды. Жүрегінің тыныштығын алады. Ал ой мен жүрек тыныш болмаса, барлық нәрсенің берекесі қашады. Дұға – мұсылманның қаруы, құлшылықтың өзегі. Алла қолын жайып сұраған пендесін бос қайтаруға ұялады. «Мен  жауапты ойлап,  уайымға салынбаймын, өйткені, менің ісім – Оған дұға жасау. Егер маған дұға жасау бұйырылса, жауап та онымен бірге келеді» деген екен Омар ибн әл-Хаттаб. «Алла Тағала сені сынаса – үніңді естігісі келгені, ал дұға жасауға мүмкіндік берсе – жауап бергісі келгені». Ендеше, қиындықтарыңды дұға деген қарумен жеңіп шығу керек.

Алла Тағала, рамазандағы дұғаларымызды қабыл етіп, жүрегімізді нұрға бөлесін!

 

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

Қарағанды қ., «Бала қажы» мешітінің бас имамы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары