СҰРАҚ:
Жүкті əйелге ораза ұстау міндет пе?
ЖАУАП:
Егер өзіне немесе баласына бір зиян жетуінен қорқатын болса оразаны ұстамауына ұрықсат[1]. Бірақ бұл зиян алдынғы тəжрибесі немесе білікті мұсылман дəргердің (пасық емес) айтуымен бекітілуі керек. Алайда кейін қазазын өтеуі керек.
عن أنسِ بن مالكٍ الكعبيِّ رَضِيَ اللهُ عنه، قال: قال النبيُّ صلَّى اللهُ عليه وسلَّم: 《إنَّ اللهَ تبارك وتعالى وضَع عن المُسافِر الصوم وشَطرَ الصَّلاةِ، وعن الحامِلِ والمرضِعِ الصَّومَ أو الصِّيام》.
Әнастан (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Ұлы әрі үстем болған Алла сапардағы адамды оразадан босатып, намазын жарты қылған, ал жүкті және емізіп жүрген әйелдерді оразадан босатты» [2]
[1] Əл-фиқһул-муяссар, 253-бет.
[2] Тирмизи.
Пікірлер