Талдықорған: Әйел қауымына методикалық тренинг.

 

Облыстық "Иман" мешітінде ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі әйел-қыздар секторының ұйымдастырумен нәзік жандыларға «Рамазанға дайынсыз ба?» атты тренинг өтті.

Тренинг мақсаты: Рамазан айына рухани және физикалық түрде дайындалу.

Рамазан - мұсылмандардың асыға күтетін, ораза ұстаған жанға Алланың сауабы төгілетін, айлардың сұлтаны болған қасиетті ай. Жүрегіміздің күш-қуат алып, иманымыздың әсерленетін бұл уақытына дайындалу әрбір мұсылманның міндеті. Ендеше осы айға әсіресе, қызбаласына қалай дайындалу керек екен? Пайғамбарымыз (ﷺ) дұғаларын қайталау, арабшасын жаттау, тарауих намазына дұғаға дайындалу.

  1. Ораза әдептері мен қонаққа бару әдебі жайлы біліп алу.
  2. Рамазан айының артықшылығы жайлы аяттар мен хадистерді оқып білу.
  3. Миымызды, ойымызды ретке келтіру, ми қалай жұмыс жасайтыны туралы ақпарат беру.
  4. Үй ішін ретке келтіру, үйімізді керек емес заттардан тазарту, қасиетті айға отбасын дайындау.
  5. Ерте тұрып, ерте жатып үйрену.
  6. Құранды оқудың артықшылықтары туралы, құлшылықтың артықшылықтары жайлы айту.
  7. Бейнебаяндар көру.

 


© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін