Бүгін, яғни 19 шілде күні тұтынушылар тарапынан келіп түскен шағымға сәйкес «Иштаев» ЖК шұжық цехы өндірісі барысында үлкен техникалық қателіктер жібергені анықталды.
Атап айтқанда, ҚМДБ «ХАЛАЛ» белгісі қойылған қаптамасында анық түрде «шошқа еті» деп жазылған. Орын алған жағдайға байланысты біздің мамандар істің мән-жайын анықтау мақсатында Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі 6-В мекен-жайы бойынша орналасқан шұжық цехына хабарласты.
Нәтижесінде аталмыш цех ҚМДБ «Халал» сертификатына ие болғалы шариғатымызда тиым салынған доңыз етін шұжық дайындау барысында пайдаланбайтындығы анықталды.
Өз кезегінде «Иштаев» ЖК басшылығы ең алдымен тұтынушылардан кешірім сұрай келе, шұжық қаптамасын тапсырыспен жасау барысында жіберілген кемшілік екенін алға тартады.
«Иштаев» ЖК басшылығы ҚМДБ «Халал Даму» ұжымынан және барша тұтынушылардан орын алған техникалық қателікке байланысты кешірім сұрайтындығын және де алдағы уақытта мұндай өрескел қателіктер жібермейтіндігін мәлімдеді.
Пікірлер