«Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, өз пайдаң соның ішінде», – дейді халқымыз. Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күні Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінде «Жомарт жұма» акциясы аясында жамағатқа тегін нан үлестірілді.
Қайырымдылық шарасы мешіт наиб имамы әрі «Жастар ісі» секторының Балқаш қаласы бойынша жауапты өкілі Айтқазин Рауанның ұйымдастыруымен өтті.
Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс. Алла Тағала баршамыздың жасаған қайырлы амалдарымызды қабыл етіп, Өзіне лайықты құл, пайғамбарына лайықты үмбет болуды нәсіп еткей!