Қарағандыда жат ағымға қарсы семинар өтті

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінде  діни оңалту жұмыстарына  қатысты семинар болып өтті. Шараға Қарағанды облысына қарасты қала, аудан имамдары мен мешіт ұстаздары қатысты.

«Жат ағымдардың алдын алу, онымен күресте имамдардың белсенділігін арттыру, бүгінгі таңдағы келелі міндеттердің біріне айналып отыр. Біз әркез жат ағымдарға қарсы бағытталған шараларды басты бағыт ретінде жүргізіп келеміз. Жүйелі жұмыстар оң нәтиже беріп отыр», - деп атап өтті, шараның ашылуында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы. Сонымен қатар, діни басқарма тарапынан беркітілген жеті бағыттың бірі діни оңалту бөліміне аса басымдық беру маңызға ие екенін тілге тиек етті.

Семинарға арнайы шақыртуымен келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы дәріс оқып, жат ағымдармен күрестің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ислам тарихынан, кері ағымдардың пайда болу оқиғаларынан құнды ойлар сабақтады. Дәстүрлі ханафи мәзһабының қазақ қоғамындағы мәдени және әлеуметтік саладағы атқаратын рөлі, діни экстремизмнің зиянды тұстары мен қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы ақпарат берді. Жат ағымның алдын- алу үшін атқарылатын шаралар мен оны жүзеге асырудың  бағыт-бағдары түсіндірді.

Жиын соңында семинарға қатысқан облыс дін қызметкерлеріне арнайы сертификат табысталып,  кері ағымдармен күрес тәсілдері топтастырылған кітап таратылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін