Саранда мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік үлестірілді

  ҚМДБ-ның Қарағанды  облысына қарасты Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі 25 жанға азық -түлік үлестірді.

«Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні» аясында өткен шара барысында мешіт наиб имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы тағдырдың тәлкегіне ұшыраған науқас жандарға насихат айтып, өзінің ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар, Алла Тағаладан олардың дендеріне саулық сұрап, дұға жасады. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін