ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы Ақадыр кентіндегі «С.Сейфуллин» атындағы кітапханада Тәуелсіздіктің 31 жыл толуына орай рухани шара болып өтті.
Жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен жиын барысында «Иса молла» мешітінің имамы Азамат Кешубай желтоқсан құрбардарының қайсарлығымен келген ел тәуелсіздігі жайында насихат айтты. Желтоқсан құрбандары еске алынып, рухтарына құран бағышталды. Рухани кешке аймақ ақсақалдары мен аймақтың зиялы қауымдары қатысты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі