Cаран қалалық мешітінің дін қызметкерлері марапатталды

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты  Саран қалалық мешітінің имамы Саликов Мұхаммедқали қажы 2022 - жылды қорытындылау мақсатында мешіт қызметкерлерімен жиын өткізді.

Жиында биылғы жылы атқарылған іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар, 2022 - жылы  дін насихат жолында қарқынды жұмыс атқарып, ел ризашылығына бөленген  Саран мешітінің дін және шаруашылық қызметкерлерін арнайы алғыс хатпен марапаттап, қаржылай сыйлықтар табысталып, дастархан   жайылды. 

Дін қызметкерлері мен шаруашылық қызметкерлері ізгі лебіздерін білдіріп, әрі қарай да дін жолында аянбай қызмет қылуға разылықтарын білдірді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін