Теміртауда Пайғамбар (с.а.с) өмірбаянынан дәріс өтуде

 Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Бейбіт Бақытжанұлы, Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде Пайғамбарымыз «с.ғ.с» өмірбаянынан дәріс жүргізуде.

Әр жұма күні мешітке келген жамағат  құптан намазына кейін Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен мол дерек алып, сауаттарын ашуда. Дәріс соңында жамағаттың ілімге деген ынталарын ашу мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, Бейбіт Бақытжанұлы шәкірттердің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беруде.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін