Алла иманды тек таңдаулы құлына ғана сыйлайды. Бүгінде Ислам дініне бет бұрушылардың саны күн санап артып келеді. Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітіне келген Жомарт есімді орыс ұлтының өкілі Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылмандықты қабылдауға ниетті екенін білдірді. Осындай ағынан жарылып келген жаннан мешіттің наиб имамы Саян Дүйсенбекұлы дінге келудегі мақсатын сұрап, оған Ислам діні туралы уағыз айтты.
Ислам діні жүрегіне жақын болып, шынайы мұсылман болуға деген талпынысы бар жанға кәлима шахадатты айтқызып, хақ дініндегі бес парызды түсіндірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі