Әуесқойлар арасында шағын футболдан турнир өтті

   Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауанның ұйымдастыруымен "Бірлігі жарасқан жамағат" тақырыбы аясында футболдан сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты жамағат арасында бірлікті арттырып, толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетейік, мешіттің әуесқой жамағатынан құралған топтар арасында аяқдоптан ойын ұйымдастыру дәстүрге  айналған.

Шараны мешіттің наиб имамы өзінің алғысөзімен ашып, экстремизм мен терроризмнің қоғамға алып келетін зиянын, теріс бағытқа түсіп кетпес үшін діни сауатты болудың маңыздылығын тілге тиек етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін