«Жастар және ізгі қоғам»: Балқаш жамағатымен рухани кеш болып өтті

   Балқаш  қалалық  мешітінің  наиб  имамы  Айтқазин  Рауан  «Жастар және  ізгі қоғам» тақырыбында  мешіт жамағатына келелі кездесу  өткізді. Шараның  негізгі мақсаты  жастарды имандылық пен қазақы тәрбиеге баулу. Осы орайда, мешіт наиб имамы рухани отырысқа қатысушы жастардың саналы  ұрпақ  болып қалыптасуы  үшін  әуелден қалыптасқан  салт-санамыз,  әдет-ғұрпымыз, дәстүрлі дініміз, тілімізбен төл мәдениетіміз  ең басты құрал екенін жіті түсіндірді.

«Абай атамыздың: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан!» - деп айтқанындай  барша жамағатты  елін сүйген  иманды,  саналы ұрпақ болуға  шақырамыз»,-деді мешіт наиб имамы өз сөзінде.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін