«Қазыбек би» мешітінде фиқһ дәрістері жалғасуда

   Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ білім турасында машһур хадисте былай айтқан: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», деген.

Қарағанды қалалық «Қазыбек би»  мешітінде «Алла елшісінің (с.а.с) намазының сипаты» кітабы және фиқһул муйаисир кітабы  бойынша фиқһ пәнінен дәрістер тұрақты жүргізілуде.

ҚМДБ-ның Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Шоқановтың «Алла елшісінің (с.а.с) намазының сипаты» атты авторлық туындысы жарыққа шыққан болатын.  Аталмыш кітапты халық арасында насихаттап, пайғамбарымыздың (c.а.с) Ұлы құлшылығы жайындағы деректерді жамағатқа жеткізу мақсатында арнайы дәрісті «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы жүргізуде.

Алла баршамызға екі дүниенің пайдалы ілімін нәсіп етсін!

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін