Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде қасиетті үш айдың бастауы болған ережеп айының құрметіне орай әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.
Мешіт имамы Мұхаммедқали Салиқовтың ұйымдастыруымен жүзе асқан шара барысында бес отбасыға азық-түлік және тұрмысқа қажетті тазалық заттары үлестірілді.
Шара барысында мешіт имамы көмек алушыларды қасиетті айдың басталуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі