«Қазыбек би» мешітінде әйелдер Құраннан дәріс алуда

   Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде әйелдер жамағатына діни сауат ашу дәрістері жүргізіліп келеді.  

Дәрісті  мешітінің ұстазы Карина Қайратқызы жүргізіп, Алланың қасиетті кәләмін танимын деп ниет еткен әрбір шәкіртке асыл дініміздің құндылықтарынан бастап дәріс беруде. Әртүрлі жастағы шәкірттер бастаушы және жалғастырушы топтарға бөлініп, Құран, Құран әліппесі, фиқһ, ақида, әдеп, ислам тарихы, тажуид сынды пәндер бойынша дәріс алуда.

Айта кетейік, сабақтарға студенттер, қыз-келіншектер, әжелер де қатысуда.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін