Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы, «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.
Қасиетті Ережеп айының алғашқы жұмасы күні ұйымдастырылған шарада ҚМДБ – ның тарапынан бекітілген кітаптар, қолөнер бұйымдары, жеміс жидектер мен тәтті-дәмділер сатылды. Игі шараға аймақтық мешіттің әйел-қыздар жамағаты мен мешіт шәкірттері ат салысты.
Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат мешіттің дәріс бөлмесіне қажетті құрал жабдықтарына, яғни, оқуға қажетті орындық - үстелдеріне және дәретханаға қажетті заттарға жұмсалмақ.
Мұндай игі шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Қарағанды облысының баспасөз қызметі