«RICE DURYS TAMAQTANU DÄMHANASY» халал сертификатын иеленді

    «RICE DURYS TAMAQTANU DÄMHANASY» қоғамдық тамақтану орны ҚМДБ Халал Даму ЖШС-ның сертификатын иеленді.

Барша Қарағанды шаһарына кондитерлік өнімдерімен танымал «Hani cakes & coffee»  кондитерлік өнімдері ендігі кезекте «RICE DURYS TAMAQTANU DÄMHANASY» атауымен тамақтандыру қызметі бойынша  халыққа қызмет көрсетпек.

Тұтынушыларына асхана мәзірінің жаңа нұсқасын ұсынған мекеме кондитерлік өнімдерімен қатар ыстық астың әртүрлі нұсқасын әзірлей отыра, «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатқа ие болды. Өнімдерді дайындауда қолданылатын тағамдық қоспалар мен шикізат көздері технолог мамандар тарапынан тексерілді. Халал Даму ЖШС-ның арнайы сертификаты бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде табысталды.

«Шакабаев Н.З» кәсіпорнына тиесілі «RICE DURYS TAMAQTANU DÄMHANASY» қоғамдық тамақтану орны   Қарағанды қ. «Назарбаев» көшесі 3  мекен-жайында орналасқан.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін