Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Құлайғыр ауылдық мешітінде жас жеткіншектерге арналған Құран дәрістері жүргізілуде.
Дәрісті аймақтық мешітінің имамы Ақпанбет Наурызбек Мейрамбекұлы жүргізіп, Алланың қасиетті кәләмін танимын деп ниет еткен әрбір шәкіртке асыл дініміздің құндылықтарынан дәріс беруде. Әртүрлі жастағы шәкірттер бастаушы және жалғастырушы топтарға бөлініп, Құран, Құран әліппесі, фиқһ, ақида, әдеп, ислам тарихы, тажуид сынды пәндер бойынша дәріс алуда.
Қарағанды облысының баспасөз қызметі