Жәрмеңкеден түкен қаражатпен дәрісхана жабдықталды

    Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен мешіт дәрісханасына қажетті заттар алынды.

Естеріңізге  сала кетсек, өткен жұма «Төлеутай ата» мешіті шәкірттерінің ат салысуымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткен болатын. Аталмыш шара  мешіттің дәрісханасына  қажетті заттар алу мақсатында жүзеге асырылды.

Игі істің басы-қасында жүрген мешіт ұстазы Фатима Аманболдықызы бастаған шәкірттер қауымы  қайырымдылық шарасын жоғары деңгейде жүзеге асырып, дәрісхананы жабдықтады. Артылған қаражат мешіт дәретханасының қажеттілігіне жұмсалды.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін