«Рахманкулова» ЖК «Тағам» қоғамдықт тамақтану орны Халал Даму ЖШС-ның сертификатын иеленді. Арнайы сертификатты Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлы табыстады.
Мекеменің қызмет барысы толық тексерістен өтіп, асханасына зертханалық жұмыс жасалды. Арнайы тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» ЖШС –ның технолог мамандары жүргізді. Тексеріс барысында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.
Алдағы уақытта «Тағам» дәмханасына асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз! Асхана Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 63/2 мекен-жайында орналасқан.
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ей, Елшілер! Таза (адал) нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер...», сонымен бірге «Ей, иман еткендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер...» –деген. Дастаханымыз адал асқа толы, берекелі де мол болсын!