Балқаш қалалық мешітінде азан жарысы өтті

   Қарағанды облысы  Балқаш қалалық мешітінің  ұйымдастыруымен  аймаққа қарасты  мешіт жамағаттары  арасында  азан  жарысы  болып  өтті. 

Сайыс барысында қалалық мешітінің имамы  Нұрболат  Сейлханұлы, Приозерск  қаласының имамы  Қожахметов Дәуіт және Балқаш  қалалық мешітінің  іс басқарушысы  Сейдалиев Досбол  қазылық етті.

Жиырмаға жуық шәкірттер қатысқан жарыста азан   айтудың  маңызы  өте  зор  болғандықтан  бірнеше талаптар қойылды.  Атап айтқанда, азанның  дұрыс айтылуы, әуені жақсы  болуы және азан  дұғасын  жатқа  әрі  сауатты  айтуы  басты  назарға алынды.   

Нәтижесінде  жүзден жүйрік  шыққан  алғашқы  үш жеңімпазға  серификаттар беріліп,   ақшалай сыйлықтар табысталды.

Құдайбергенов Марғұлан  есімді  қатысушы үздік  деп  танылып  бірінші орынды қанжығасына байласа,  екінші орынды  Приозерск қаласынан келген бауырымыз  Қожантаев Қуат  еншіледі. Кезекті үшінші орын Көкірекбаев Бағзат   бауырымызға тиесілі болды.  

Бұдан бөлек  екі шәркітке ынталандыру сыйлықтары берілді.  Мешіт  имамы  Нұрболат  Сейлханұлы   барша  қатысушыларға  ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін