«Нұр» мешіті кітап сыйлау күнін атап өтті

   Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде 14-ақпан кітап сыйлау күніне орай мешіт имамы Әсет Наурызбайұлы мешіт жамағатына құрмет көрсетіп, кітап тарту етті.

Айтулы күннің құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында мешіт жамағатына білім алу мен кітап оқудың пайдасы жайында уағыз-насихат айтылды. Игі істі жүзеге асырған мешіт имамына ақсақалдар мен мешіт жамағаты алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін