«Бала қажы» мешіті жамағаты қос ел үшін дұға жасады

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен аймақ жамағаты Түркия және Сирия жұртының амандығы үшін арнайы дұға жасады.

Табиғи апаттың салдарынан үлкен қиындыққа тап болған қос мемлекеттің халқы үшін он мәрте  Құран хатым етілді.  Арнайы дастархан жайылып, барша жамағат Жаратушыдан ел амандығын тіледі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін