«Төлеутай ата» мешітінің әйел жамағаты бас қосты

   Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен  қасиетті Миғраж түнінің құрметіне орай әйелдер жамағатына арналған «Миғраж түні және Шағбан айының қасиеттілігі» атты рухани кеш  болып өтті.

Шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы арнайы қонақ болды. Әйелдер жамағаты бас қосқан шара барысында уағыз-насихат айтылып, викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін