Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұмада «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі және «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» жәрмеңкесі өтті.
Қасиетті шағбан айының құрметіне орай өткен қайырымдылық жәрмеңкесінде мешіт ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы және Арай Серғалиқызының бастамасымен шәкірттердің қолынан шыққан түрлі тәттілер мен тағамдар жұма намазына жиналған жамағатқа ұсынылып, қайырымдылық саудасын қыздыра түсті.
"Алдағы уақытта жәрмеңкеден жиналған қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалады",-дейді игі істің басы-қасында жүрген "Зекет және қайырымдылық" қорының өңір бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлы.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі