Қарағанды онкология орталығында жат ағымға қатысты кездесу өтті

   Экстремизмнің елімізге тигізгер зияны, өңірімізде діни тұрақтылықты сақтау, кереғар ағымдардың мемлекет қауіпсіздігіне тигізетін әсері, оның қауіп төндіретін салдарымен күресу облысымызда өтіп жатқан түрлі іс-шараларда басты назардан түсіп көрген емес.

Осы орайда, Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы   Ерғазы Азамат Сайлауұлы Қарағанды қаласындағы онкология орталығының қызметкерлерімен кездесіп, жат ағымға қатысты дәріс оқып, ақпараттық–түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлығы 30 адам қамтылды.

Қарағанды облысы бойынша баспаөз қызметі

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін