Абай мешітінің асханасына жөндеу жұмыстары жүргізілді

   Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен  мешіт асханасында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда мешіт асханасының дәрет алатын бөлмелері жаңартылып, есіктері ауыстырылды. 

Күні бүгінге дейін мешіттің жылу құбырлары мен су құбырлары жаңартылған болатын. Мешіттің намазханасы мен дәлізі толықтай жылы еденмен жабдықталған.  

Қазіргі уақытта мешіт жанынан арнайы дәретхана мен мәйітхана құрылысы жүргізілуде.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі   

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін