Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы әрі «Жастар ісі» секторының жауапты меңгерушісі Махмұд Бекболатұлы «Олжас Есенұлы» атындағы діни білім беру қайырымдылық орталығында болды.
Білім ғимаратына арнайы ат басын бұрған сектордың жауапты өкілі алдымен мекеме директоры Сайлау Жұмағұлұлымен кездесті. Келелі кездесу барысында шәкірттер қауымымен бірлесе көптеген шараларды ұйымдастыруға жоспарлар жүйеленді. Атап айтқанда, жастар арасында интелектуалдық сайыстар, спорттық шаралар, дәстүрге бейімделген ұлттық ойындар түрінен арнайы шаралар өткізу бойынша ой бөлісті.
Одан кейін, мекемеде діни сауат ашып жатқан шәкірттермен кездесу өтіп, «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында уағыз насихат айтты.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі