Абай жамағаты Пайғамбар ﷺ өмірінен дәріс алуда

   Қарағанды облысы, Абай аудандық орталық мешіті жамағаты «Нурул яқин» кітабы бойынша  дәріске қатысып, сауат ашуда.

Арнайы дәрісті  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Юсуфбек Шұғайұлы жүргізіп, мешітке келушілерге Алла елшісінің (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) өмірінен алынған құнды деректер мен ғибратқа толы оқиғалар жайында сабақ беруде.

Мешіт имамы Асхат Қанайұлының бастамасымен жүзеге асқан рухани дәріс жергілікті жамағаттың діни сауат ашуына, рухани жандануына үлкен септігін тигізуде. Айта кетейік, аталмыш дәріс әр сенбі күні ақшам намазынан кейін өтеді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін