Діни сауат ашу дәрістері Саранда жалғасуда

   Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде жамағатқа діни сауат ашу дәрістері жүргізіліп келеді. 

Құран дәрістерін Саран қалалық мешітінің наиб имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы, фиқһ дәрістерін  мешіт азаншысы  Ерболат Дәуіржан жүргізіп, Алланың қасиетті кәләмін танимын деп ниет еткен әрбір шәкіртке асыл дініміздің құндылықтарынан бастап дәріс беруде. 

Әртүрлі жастағы шәкірттер бастаушы және жалғастырушы топтарға бөлініп, Құран әліппесі, тажуид, ақида, фиқһ сынды пәндер бойынша дәріс алуда.Сонымен қатар, мешіт имамы Саликов Мұхаммедқали  мешітке жиналған жамағатқа ақида пәні бойынша дәріс жүргізуде. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін