Қарағанды облысы, Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен «Алаштану» және «Тұлғатану» атты рухани кеш болып өтті.
Берекелі кешке белгілі алаштанушы, «Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің» «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының қызметкері Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов қонақ болды.
Облыс бас имамының бастамасымен, тұлғатанушы ғалымның қатысуымен өткен шараның басты мақсаты жамағаттың, жастардың патриоттық сезімін ояту һәм ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулу.
Шара барысында мешіт жамағатының құрметіне берекелі дастархан жайылып, кешегі алаш көсемдерінің ерен еңбектері еске алынды. Отырыс барысында Айтбай Ботпайұлы Әлихан Бөкейханұлының өмір тарихынан құнды дерекер келтіріп, жамағатқа ұлт арыстарының шежіресінен сыр шертті.
Шара соңында, мешіт жамағаты осындай көпке пайдалы һәм ұлттық құндылықтарымыздан хабар берген рухани кештің ұйымдастырушыларына және кештің құрметті қонағына шексіз алғыстарын білдірді.
Өз кезегінде аудан имамы Асхат Қанайұлы берекелі кештің сәнін келтіріп, жамағатқа әсерлі баяндама оқыған Айтбай Ботпайұлына өз алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі