Шет ауданы, «Иса молла» мешітінің имамы Азамат Серікұлы аймақтық қазақ орта мектебінде өткен наурыз мерекесіне қатысып, «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында насихат айтты.
Тәрбие танымдық кешке жиналған ұстаздар мен ата-аналар қауымына бала тәрбиесі, балаға ат қою, отбасы құндылығы тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, кеш қонақтарын алдағы рамазан айының жақындауымен құттықтап, берекелі айдың қадірі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі