«Жандар батыр» мешітіне діни кітаптар тарту етілді

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Осакаров ауданына қарасты Садовое ауылдық «Жандар батыр» мешітіне ҚМДБ сараптамасынан өткен алпысқа жуық діни кітаптар тарту етілді.

Аймаққа арнайы қызметтік сапармен ат басын бұрған Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы жаңа мешітте уағыз-насихат айтып, жергілікті жамағатқа діни басқарманың басылымынан шыққан оқулықтарды таныстырды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін