Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің наиб имамы Олжабек Мұрсали «Бір айда бір кітап» жобасы аясында мешіт шәкірттеріне Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» кітабы бойынша дәріс оқыды.
ҚМДБ «Жастар ісі» секторының тапсырмасы аясында жүзеге асқан шараның басты мақсаты жастарды білімге баулып, рухани тәрбиеге тұнған қазақтың текті тұлғалары мен жазушыларының шығармаларымен сусындату.
Қарағанды облысының баспасөз қызметі