ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты футбол алаңында бас қосты.
"Бірлігі жарасқан жамағат" тақырыбы аясында өткен сайыстың мақсаты жамағат арасында бірлікті арттырып, толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетейік, мешіт жамағатынан құралған «Қыран» тобы аптаның әр сенбі күні аяқдоптан ойын ұйымдастыруды әдетке айналдырған.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі