Кеше Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен "Дін мен дәстүр" бағыты аясында әз-Наурыз мерекесі аталып өтті.
Мерекелі шарада аймақтың қадірменді ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері, аймақ жастары мен мешіт дін қызметкерлері бас қосты.
Рухани отырыс барысында аймақ имамы мешіт жамағатын наурыз мерекесімен құттықтап, өзінің ыстық лебізін білдірді. Одан кейін, мешіт ақсақалдары дін мен дәстүрдің құндылығы жайында насихат айтты.
Кеш барысында жамағатқа наурыз көже ұсынылып, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі