Балқаш жамағаты бас қосты

  Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Балқаш қалалық мешітінде қасиетті рамазан айының құрметіне орай "Бірлігі жарасқан жамағат" атты рухани кеш  болып өтті.  

Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеш барысында  мешіт жамағатына дастархан жайылды. Мешіт имамы  Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлы жиналған жамағатқа қасиетті рамазан айының қадірі жайында  уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, рухани отырысқа қатысушылардың көкейлерінде жүрген  сұрақтарына жауап берді. 

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін