«Әл Машани» мешіті 300 студентке «Ауызашар қоржынын» үлестірді

   ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен қаладағы «Қарағанды медицина университеті» жатақханасындағы 300 студентке «Ауызашар қоржыны» үлестірілді.

 Қайырымдылық акциясына мешіттің дін қызметкерлері мен еріктілер тобы ат салысты.   Айта кетейік, бұған дейін аталмыш мешіт қаладағы «Болашақ» колледжі студенттеріне ауызашар үлестірген болатын. Қасиетті рамазан айының құрметіне орай жүзеге асқан шара берекелі ай бойына жалғасатын болады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін