Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Шариғат және пәтуа» бөлімінің өңір бойынша жауапты маманы, ұстаз Юсуфбек Шұғайұлы «Пәтуа сағатын» өткізді.
Жамағатпен кездесу барысында жергілікті жамағаттың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның тарапынан жарыққа шыққан бірнеше жаңа пәтуалармен таныстырды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі